Ақмола көпсалалы облыстық ауруханасына таңбаланған дәрілік препараттардың бірінші партиясы жеткізілді

591
Adyrna.kz Telegram

ҚР Үкіметінің «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы» 2020 жылғы қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қаулысына сәйкес, биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап дәрілік заттарға қатысты міндетті таңбалау енгізілді.

Дәрі-дәрмектерді таңбалау өндірушіден, дистрибуция құрылымынан, дәріханалардан және медициналық ұйымдардан пациенттің соңғы нүктесіне дейін жеткізілім тізбегі бойынша дәрі-дәрмектердің қозғалысын бақылаудың маңызды құралы болып табылады.

«Көпсалалы облыстық аурухана» ШЖҚ МКК дәріхана меңгерушісі Ирина Шевченконың айтуынша, «СК-Фармациядан» онкогематологияда қолданылатын қымбат химиотерапиялық препарат – ритуксимаб дәрілік препаратының 27 қаптамасы түскен. Әрбір қаптама сканерленеді және жүйе ілеспе құжаттардағы деректермен қаптамадағы штрих-кодтың сәйкестігін автоматты түрде анықтайды. Егер деректер сәйкес келсе, медициналық мекеме бір түймені басу арқылы белгілі бір препараттың нақты түсуін растайды.

«1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрілік заттарды таңбалау міндетті болды, Бірыңғай дистрибьютордан Data Matrix екі өлшемді матрицалық штрихкодымен белгіленген препараттардың бірінші партиясы келіп түсті, - деді «Көпсалалы облыстық аурухана» ШЖҚ МКК директоры Нұрлан Жаров.

Инновация барлық дәрілік заттардың айналымын бақылауға, контрафактілік және өзге де өнімдердің айналымын болдырмауға, стационарға түсетін дәрілік заттардың қатаң есебін жүргізуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, көпбейінді облыстық аурухана базасында госпитальдық фармация бөлімінің жобасы енгізілді, онда медициналық ақпараттық жүйе мен «1С-Бухгалетрия» интеграциясы арқылы аурухана ішіндегі препараттардың қозғалысы әрбір пациент бойынша дербестендірілді. Сонымен қатар, бухгалтерлік есеп пакеттерге немесе бөтелкелерге емес, бір данасына – миллиграмм мен миллилитрге сәйкес келеді.  Дәрі-дәрмектерді тұтыну автоматты түрде бақыланады, дұрыс емес тағайындаулар мен емдеу қаупі азаяды.

«Цифрлық технологияларды енгізудің арқасында біз препараттардың төгілуін, қалдықтардың жоғалуын болдырмаймыз, стационар ішіндегі дәрі-дәрмектердің қозғалысын қатаң бақылауға аламыз. Дәрігердің тағайындауы бойынша дәрілік препараттар әр пациентке стерильді таңбаланған бокстарға салынып, пациенттің аты-жөні, қабылдау уақыты көрсетіледі. Қателер алынып тасталады, әр пациент өзіне тағайындалған препаратпен және белгілі бір дозада ем алады. Сайып келгенде, пациенттер жақсы ем алады, ал медициналық мекеме үнемдейді», – деп түсіндірді Нұрлан Жаров.

Пікірлер