Қытайлық қонақтар Димаш Құдайберген мен Майра Мұхамедқызының өнеріне тәнті болды

556
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Димаш Құдайберген мен Майра Мұхамедқызы Астанада ШЫҰ қонақтарына өнер көрсетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазақстандық әншілер Тоқаев пен Си Цзиньпиннің алдында өнер көрсетті. ШЫҰ саммитінің келіссөздері аяқталған соң Димаш Құдайберген мен опера әншісі Майра Мұхамедқызы Қазақстан мен Қытай басшыларына шағын концерт берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен бірге іскерлік бағыттағы бірқатар келіссөзден кейін әйгілі опера әншісі Майра Мұхамедқызы және қазақтың мәдениетін, Қазақстанды әлемге танытып жүрген Димаш Құдайбергеннің өнерін тамашалап, бұлбұл Майра мен дүлдүл Димаштың талантына тәнті болды.

Пікірлер