Астанада саммитке келген қонақтардың алдында жүк көлігі тоқтап қалды

2112
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден скрин
Фото: Бейнеден скрин

Астанада «Газель» көлігі саммитке келген қонақтардың кортежінің алдында тоқтап қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ШЫҰ саммиті кезінде көшелерді аралап, жол-көлік қозғалысын реттеп жүрген полиция қызметкерлері даңғылда тоқтап қалған көлікке көмекке келді.

Танымал тәттілер фабрикасының логотипі бар «Газель» Астананың сол жағалауындағы көшелердің бірінде жолды тоқтатып, көлік қозғалысын жауып қала жаздаған. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті.

«Әр жарты сағат сайын басты көше кортеждер үшін тазартылады, бірақ бір сәтте газель тоқтап қалды». Полиция оны өздері итермелеуге мәжбүр болды. Жігіттерге бонус», - деп жазды астаналық өзі түсірген видеоның астына.

Желіде тараған бейнеге пікір жазғандар да жағдайды әзілге айналдырған.

"Ұят болыпты", "Жүргізуші әбден уайымдап кеткен шығар", "Қонағы келген үй", "Полициялар жарады", - делінген пікірлерде.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер