Зеренді ауданында көпбалалы аналар баспаналы болды  

375
Adyrna.kz Telegram

Бүгін 10 зеренділік отбасы жаңа тұрғын үйдің иегері атанды. Жаңа қоныстанушылар арасында – көпбалалы отбасылар мен жетім балалар.

Пәтер кілттерін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов тапсырды.

«Өз үйіңді табу - әр отбасы үшін, әр адам үшін үлкен мереке. Біздің Президент бірінші кезекте еліміздің азаматтарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыруға ерекше назар аударады. Әрбір адам үшін басты мәселелердің бірі – тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі. Осы мақсатта Мемлекеттік бағдарламалар қабылданады, жаңа жұмыс орындары құрылады, жерлестеріміз пәтер алатын үйлер салынады. Біз үшін ең бастысы – ақмолалықтардың әл-ауқаты. Әр үй отбасылық жайлылықтың жылуына толсын, ал әр күн сізге тек жағымды эмоциялар әкелсін», - деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Көп балалы ана Гүлзада Ақпаева жұбайымен бірге бес бала тәрбиелеп отыр. Олар өз пәтерлерін көптен бері қалаған, бірақ сатып алуға мүмкіндігі болмады. 2012 жылдан бері кезекте тұр.

«Ақыры біздің арманымыз орындалды. Әсіресе балалар қатты қуанды. Мұнда мектеп, дүкен, жұмыс бәрі жақын ораналасқан. Балалар бақытты, біз өте ризамыз», - деп бөлісті Г.Ақпаева.

Айта кетейік, Зеренді ауданында 19 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл кезекті қысқартуға мүмкіндік берді. Бұдан басқа, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін кейіннен сатып алу арқылы, 60 жеке тұрғын үй салу жоспарлануда.

 

Пікірлер