Екібастұзда төтенше жағдай режимі жарияланды

1723
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Екібастұз әкімі Аян Бейсекин қалада Объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялады. Бұл туралы ақпарат «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Екібастұз қаласында «Energy Solutions Center» ЖШС-де орын алған авариялық жағдайға байланысты объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жариялансын»,- делінген ақпаратта.

Төтенше жағдай режимі 1 шілдеден бастап қолданылады.

Айта кетейік, 28 маусым күні сағат 5:24-те ГРЭС-1-де техникалық апат орын алды. Салдарынан № 2, 3, 4, 7 энергия блоктары тоқтатылды. Станция генерацияны 2080-нен 320 МВт-қа дейін төмендетті.

Кейінірек тоқтаған төрт энергоблоктың екеуінің жұмысы қайта жанданды.

Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті оқиғаға байланысты тергеуді бастады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер