Түркияның бірнеше аймағын орман өрті шарпыды

426
Adyrna.kz Telegram

Түркияның Измир, Чанаккале және Айдын провинциясын орман өрті шарпыды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы CNN Turk арнасына сілтеме жасап.

Түркия Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, 29 маусымда түске дейін бір ғана Измирде 16 орман өрті тіркелген. Өрт орман  Қарақадаг, Мендерес, Чешме, Менемен, Селчук, Торбалы және т.б. ормандарынан шыққан.

Өртті сөндіруге ұшақтар, су тасығыштар мен бульдозерлер жұмылдырылды. Жұмысқа мыңға жуық адам тартылған.

Чанаккале провинциясыннан тараған өрт Езине аймағындағы егін алқаптарын да шарпыды. Құтқарушылар бірнеше ауылдың тұрғындарын эвакуациялауға мәжбүр болды.

Пікірлер