Екібастұздағы Болат Нұржанов атындағы ГРЭС-1-де апат болды. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«28 маусымда сағат 05:24-те Екібастұз ГРЭС-1-де технологиялық бұзушылық болып, салдарынан №2, 3, 4 және 7 энергоблоктары 2080-ден 320 МВт-қа дейін төмендеді.
Қазіргі уақытта № 2, 4 және 8 энергоблоктар жұмыс істеп тұр, генерациясы 971 МВт. Қалған қондырғыларды іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Ядролық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті тергеуді бастады», деп хабарлады министрлік.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз