Абай облысында 10 жастағы бала құтқарылды

1460
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Бүгін Семей қаласында Ертіс өзенінің жағажай аумағында ересектердің қарауынсыз қалып, суға бата бастаған 10 жастағы бала құтқарылды деп, хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы, Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2014 жылы туған баланы Семей қаласының Жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Ибраев Аян дер кезінде байқап қалып, құтарған.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері судағы қауіпсіздік шараларын сақтамағанның салдарынан 11 адам қаза тапты. Мұндай жағдайларды болдырмас үшін ТЖМ қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Пікірлер