Киев прокуратурасы қазақстандық журналистке шабуыл жасағандарды экстрадациялау ісін бастады

1348
Adyrna.kz Telegram
dzen.ru
dzen.ru

Бас прокуратура аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген екі адамды Украинаға экстрадициялауды көздеп отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

2024 жылы 18 маусым күні Киевте екі адам Украинада "босқын" мәртебесі бар Қазақстан азаматын өлтірмек болған.

Күдіктілердің екеуі де Қазақстан азаматтары екені анықталған. Олар қылмыс жасалған күні Украина аумағынан шығып кеткені айтылды, Украинанығ бас прокуратурасы қылмыскерлерді экстрадациялау жөнінде Қазақстан Республикасының құзырлы органдарына жүгіну үшін құжаттар дайындауда.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Киев қалалық прокуратурасының процессуалдық басшылығымен Киевтегі ұлттық полиция бас басқармасының тергеу-жедел бөлімшелері жүргізеді.

Пікірлер