Өскеменде кондитерлік өнімдер қоймасы өртенді

1632
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/b5154482-5f4c-4253-993c-1822e5fc7bbd-960x500.jpeg?token=7ed7ede4ed34e8298e81182a1b37a6ff
Өскеменде ірі қойма өртке оранды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Қызыл жалын 1500 шаршы метрді шарпыған. Алдын ала мәлімет бойынша, Өскемен қаласында кондитерлік өнімдер жанған. Өртті ауыздықтауға ШҚО төтенше жағдайлар департаментінен 16 техника, 40-тан астам адам жұмылдырылған. ШҚО ТЖ департаментінің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі — құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі техникасын сақтамау делінген.
Комментарии