Абай облысында суға батқан әйел құтқарылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Оқиға 23 маусым күні Абай облысының Курчатов қаласында болғаны анықталды. Әйел адам суға батып бара жатып айғайлаған. Өртсөндіруші Жанғазы Жұмағазин мен Әділет Оспанов қалалық жағажай аумағында жаяу патрульдеу жүргізу кезінде көмек сұраған дауыстарды естіген еді.
Артынша құтқарушылар дереу көмекке жетіп, 1976 жылы туған әйел адамды суға батып кетуден құтқарып қалды.
"Әйелдің жағдайы тұрақты, медициналық көмек қажет болмады. ТЖМ азаматтарды суда қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады", - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Суға батқан 1976 жылы туған әйел адам екені анықталды.