Садақ атудан әлем кубогі. Қазақстан құрамасы алтын медаль иеленді

4003
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/06/img_5412.jpeg

Садақ  атудан Қазақстан командасы Антальядағы (Түркия) әлем кубогі кезеңінде топ жарды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандық мергендер блоктық садақ атудан аралас командалық жарыста алтын медаль алды. Андрей Тютюн мен Адель Жексенбинова финалда Ұлыбритания өкілдерінен басым түсті. 

Айта кетелік, Андрей Тютюн жақында өткен Азия кубогінде жеңіске жеткен болатын. 

Комментарии