Елімізде тағы бір мереке пайда болды

1463
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/06/img_8853.jpeg
1 қазан — Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күні болып бекітілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Еңбек министрлігінің 11 маусымдағы бұйрығымен бұл дата кәсіби мерекелердің тізбесіне енді.
Себебі оқу орындары мен олардың қызметкерлерінің кәсіби мерекесін атап өту білім ортасын қалыптастырудағы, ғылымды дамытудағы маңызын көрсетеді. Одан бөлек, жоғары білім саласындағы мамандардың беделін көтеруге ықпал етеді.
Комментарии