Қайран да менің KazSat-ым… Жоғалған спутник ұшқан күн

1706
Adyrna.kz Telegram
Фото informburo.kz
Фото informburo.kz

Бүгін -Қазақстанның тұңғыш «Kazsat» жер серігі орбитаға сәтті көтерілген күн, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазақстанның тұңғыш «Kazsat» байланыс және хабар тарату геостационарлық жер серігі 2006 жылғы 18 маусымда 4 сағат 44 минутта Байқоңыр айлағынан ғарышқа ұшырылған болатын. Қазақстан Республикасының экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстанның тұңғыш «Kazsat» Жер серігін ұшыру рәсіміне қатысты.

Жер серігін ұшырудың барлық кезеңдері сәтті өтіп, зымыран орбитаға көтерілген еді. Алайда ол бірінші және ең шулы қазақстандық спутник болған. Kazsat-тың қызмет ету мерзімі 10 жылдан 12 жылға дейін деп болжанған. Спутник құны - 65 миллион доллар.

Республикалық ғарыштық байланыс орталығы таратқан хабарламада үкіметтің қаулысына байланысты 2009 жылдың 6-13 тамызы аралығында ғарыш аппараты жоғалған.

Оған дейін, KazSat-1 жер серігі Хруничев орталығында Қазақстанның тапсырысы бойынша жасалған. Оның кепілдендірілген қызмет ету мерзімі он жыл болуы керек еді. 2006 жылдың маусым айында аппарат орбитаға шығарылған. Алайда, KazSat-1 2008 жылдың маусымында істен шықты.

Пікірлер