Құрбан айттың бірінші күнінде 20 мыңнан астам мал шалынды. Оның ішінде 2 мыңға жуығына онлайн форматта тапсырыс берілген. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Мүфтияттың дерегі бойынша, 16 маусымда республика көлемінде жалпы саны 20 236 мал шалынса, 1 788 тапсырыс qurban2024.kz сайты арқылы
берілген.
Шалынған мал саны:
Новости по теме
- қой – 17 327;
- ешкі – 1 597;
- ірі қара – 1 307;
- түйе – 5.