Шымкентте спирт зауытының басшысы ұсталды

1144
Adyrna.kz Telegram
Фото: Хабар 24
Фото: Хабар 24

Шымкенттегі спирт зауытында есепке алынбаған 81 тоннадан астам алкоголь өнімінің заңсыз өндірілгені анықтады. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл спирт суррогат спиртін астыртын өндірумен айналысатын тұлғаларға сатылды.

Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес аясында этил спиртін сақтау және өткізу ережелерін бұзып, мереке және демалыс күндері алкогольдік өнімдердің заңсыз жөнелтілгені анықталды.

Ақпаратқа сәйкес, зауыт басшысы қылмыстық жауапкершіліктен құтылу мақсатында шенеунікке 20 000 АҚШ доллары және ай сайын 1 000 000 теңге көлемінде пара ұсынған.

Сот шешімімен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

 

Пікірлер