Қазақстандық шахматшы әлем чемпионы атанды

4135
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстандық гроссмейстер әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазыбек Нөгербек 14 маусым күні Үндістанның Гандинагар қаласында аяқталған 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы әлем чемпионатында алтынды иеленді.

Чемпионат 2-13 маусым аралығында Үндістанның Гандинагар қаласында өтті. Тартысты бәсекеге 123 шахматшы қатысып, қазақ спортшысы топ жарды. Ол әлем чемпионы атағына үміткерлер турниріне іріктеу кезеңіне кіретін әлем чемпионатына жолдаманы жеңіп алған.

Еске сала кетейік, Нөгербек осыдан 2 жыл бұрын Грекияда өткен 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы әлем чемпионатында рапид пен блицте жеңімпаз атанған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер