Қостанайда мектеп жасындағы екі жасөспірім суға батып кетті

1399
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Қостанайда екі жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Наш Костанай басылымына сілтеп.

Құтқарушылар суға батып, көз жұмған жасөспірім қыздың денесін судан шығарды. Ал екінші баланы іздестіру жұмыстары жалғасуда. Олар Үй өзеніне батып кеткен.

Қайғылы жағдай Федоров ауданының Кенерал ауылында болған. Құтқарушылардың мәліметінше, суға батқандар 2014 және 2015 жылы туған қыздар. Олар ересектердің қарауынсыз жабдықталмаған жерде шомылған көрінеді.

«Құтқарушылар Үй өзенінен өмір белгілері жоқ бір қыздың денесін шығарды. Екінші жасөспірімді іздестіру жұмыстары жалғасуда», – деп хабарлайды Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Пікірлер