Жәкішевтің соты жүріп жатыр!

1303

"Семейде 10 жылдан артық түрмеде жатқан Мұхтар Жәкішевтің соты жүріп жатыр. Сот залына жиналғандар саны көп. Ал Жәкішевтің жақтастары "Билік анасы қайтыс болғанда да топырақ салуға мүмкіндік бермеді, енді босатуы тиіс. Оған заң жағынан негіз бар. Әрі денсаулығы да нашар, 56 дан астам медикаменттер қабылдайтын жағдайға жетті. Үкіметте те гуманизм болу керек" деп талап етуде!"- деп хабарлайды сот залынан "Адырна" ұлттық порталының тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, Мұхтар Жәкішев 2009 жылдың мамыр айында өзі басқаратын «Қазатомпром» компаниясының Астанадағы кеңсесінде тұтқындалды. Арада үш күн өткенде «мемлекет мүлкін жеке мақсатына пайдаланып, Қазақстанның ірі уран кен орындарынан оффшордағы фирмалардың мүддесі үшін «доля» алды» деген айып бойынша қамауға алынды. Жәкішев содан бері түрмеде әлі отыр.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket