«Заманақыр деген осы». Абай облысында бұршақ жауды (ВИДЕО)

1356
Adyrna.kz Telegram
Сурет: aif.by
Сурет: aif.by

11 маусымда Абай облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылында күн күркіреп, бұршақ жауды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ауыл тұрғындары қолайсыз ауа райынан кейінгі жағдайды видеоға түсіріп, желіге жүктеді.

«Заманақыр деген осы, міне. Бірін-бірі көреалмайды. Сұмдық, бізде осындай бұршақ жауды. Су көл-көсір ағып жатыр»,—делінген бейнежазбада.

Желідегі кадрлардың жауын-шашын салдарынан көлік әйнектерінің де сынғанын көруге болады.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер ел аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауатынын айтқан еді.

<

Пікірлер