Астанада досымен бәстескен жасөспірім суға батып кетті

1912
Adyrna.kz Telegram
Фото: pixabay
Фото: pixabay

12 маусым күні Астана қаласында 17 жастағы бала суға батып, қаза тапты. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Есіл өзенінде 2007 жылғы баланың денесі табылды. Жасөспірімдер өзеннің екі жағасына кім бірінші жүзіп өтеді деп жарысқан. 12 маусымда сағат 19.02-де Астана ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 17 жастағы баланың денесін алып шықты»,—делінген хабарламада.

Пікірлер