90 жыл бұрын Қазақстан Кеңес жазушыларының алғашқы съезі өтті

1083
Adyrna.kz Telegram

Осыдан 90 жыл бұрын яғни 1934 жылы 12-20 маусым аралығында Қазақстан кеңес жазушыларының І съезі өтті, деп жазады “Адырна” ұлттық порталы. 

Қазақстан жазушылар одағы бұл алғашқы съезге 1932 жылдан бастап дайындалды. Ұйымдастыру бюросының төрағалығына Ілияс Жансүгіров тағайындалды. 

1935 жылы одақтың төрағасы болып әдебиет сыншысы, қоғам қайраткері Ғаббас Тоғжанов, кейін Сәбит Мұқанов тағайындалды.

Қазақстан Жазушылар одағы алғашында идеологиялық қару ретінде құрылғанымен, Сәкен, Ілияс, Бейімбет бастаған арыстар ұйым жұмысын ұлт әдебиетіне, тұтас халықтың мүддесіне қарай бағыттай білді.

Ел тағдыры, жер тағдыры қыл үстінде тұрған кезде өмірге келген Қазақстан Жазушылар одағы ауыз әдебиетінен тамыр тартқан, Абай поэзиясынан бастау алған жазба әдебиетіміздің бай мұрасын жинау, дамыту мен қорғау және оны кеңінен насихаттауды қолға алды.

Пікірлер