Келімсектер қашанғы талтаңдамақ?

5258

Абу Даби Плазада тағы шу шықты. Себеп болған нәрсе, бір түрік келімсек қазақтың қызына телефон арқылы смс жазып, жұмыстан шығарамын деп қорқытыпты. Бір талаптар қойған шығар, бірақ біз оны білмей отырмыз. Ол алдағы уақытта анықталады. Екінші себеп, жігіттердің алатын жалақысына байланысты. Біздің қазақтың жігіттерінің алатын жалақысы қайдағы бір жақтан ауып келген қаңғыбастардың жалақысынан әлдеқайда төмен екен. Атыраудағы мұнай кенішінде де қазақ жігіттерінің жалақысы келімсектердің жалақысынан осы уақытқа дейін төмен болып келген. Кеше қазақ қызына жақындап, Атырауда қанға батқан араптардың жағдайы мынау түріктерге сабақ болмапты. Егер түріктер одан сабақ алмаса, кешірім сұрамаса, бұларды да біздің жігіттер қанға бояп шығарады. Өз жеріңде отырып, ақшаңды алып, қыздарыңа сес көрсетіп отырған мынау қаңғыбастардың тірлігін енді кешірудің керегі жоқ. Бұлар бізге туысқан емес, тек несібеңе ортақтасып, тойынса білгенін жасап жүру үшін ғана келіп отыр.

Осылар Астананы салып берейік деп келіп отыр десеңіздер қателесесіздер. Кеше маған Абу Даби Плазадағы жігіттер жекеге шығып сондағы жағдайларды айтты. Қазақ жігіттерінің төмен жалақы алу мәселесі сол құрылыс нысанындағы бір рет қана болған жағдай емес, бірнеше рет қайталанып отыр. Демек, әкімшілік те, Еңбекті қорғау министрлігі де ешқандай шара қолданбаған. Басын да ауыртпаған болып тұр. Қазақ жігіттерінің жалақысы мен мүддесі жетім баланың ақысындай күйде қалып қойған. Сол баяғы жауырды жасыра тігіп қойған. Бұл билікке қызыңның арының тапталғаны, азаматтарыңның есесі кеткені қызық емес. Қайта шетелдіктерді қолдап, оларға бір нәрсе айта қалсаң, ұлтаралық араздық тудырдың деп өзіңе жабыса кететіні сұмдық енді. 

Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов пен Еңбекті және әлеуметті қорғау министрі Бердібек Сапарбаевқа сол құрылыс нысанындағы қазақ жігіттерінің жалақы мәселесін реттеп, келімсектерге берілетін жалақыны қазақ жігітеріне берілетін етіп шешіп, келімсектердің жалақысын қазақтарға берілетін жалақыдан да төмендетіп, еліне қайтаруды талап етеміз. Қазақ баласының қазіргі күнкөрісі тек құрылыс саласы болып тұр. Мұны уақыт күттірмей, қоғам болып қолға алуымыз керек. Анығында Астана қаласын қазақтың қара баласы салып отыр.
Қоғам болып талап етуіміз керек.

Қазақ қызын қорқытып, жұмыстан шығарамын деген қаңғыбас келімсек қазақ елінен кешірім сұрасын да еліне кетсін.

[embed]

[/embed]

Бекболат Қаржан

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер