Тоқаев Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады

592
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовты қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Кездесуде ұйымның Қазақстан төрағалығы кезеңіндегі негізгі міндеттерін жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-ның жарғылық жұмысында Ұйымға мүше барлық мемлекет үшін анағұрлым өзекті әрі сұранысқа ие бағыттарға назар аудару қажет екенін атап өтті.

Оның пікірінше, терроризм, есірткі мен қарудың заңсыз айналымы, ақпараттық саладағы қылмыс секілді сын-қатерлерге қарсы күрес мәселесіне айрықша мән берген жөн.

Президент өңірлік қауіпсіздікті нығайту мақсатында басқа да халықаралық құрылымдармен конструктивті ынтымақтастықты жолға қою маңызды екенін айтты.

Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің былтыр қараша айында өткен сессиясында Қазақстанның бастамасымен қабылданған Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы жөнінде мәлімет берді.

Кездесуде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына және еліміздің аумағында өтетін оқу-жаттығу жиындарына дайындық мәселесі қарастырылды.

Пікірлер