Рим папасы Газа секторына шұғыл түрде гуманитарлық көмек көрсетуге шақырды

1379
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/b9ccde6b-f22e-426a-9e8a-b13578ff6689-960x500.jpeg?token=3eb4702efea74b7697de7f1707e7c396

Католиктердің рухани жетекшісі Рим Папасы Франциск Газа секторындағы палестиналықтарға шұғыл түрде гуманитарлық көмек жеткізуге шақырды. Бұл туралы ол кеше, 9 маусым күні Петр алаңындағы дәстүрлі жексенбілік уағызда айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Одан бөлее, ол Израиль мен ХАМАС-қа оқ жаудыруды тоқтату мен тұтқындарды босату туралы ұсынысты қабылдауын тіледі. Рим папасы осы аптада палестиналықтарға гуманитарлық көмек көрсету бойынша халықаралық конференция өткізетін Иорданияға алғысын білдірді. “Мен халықаралық қауымдастықты соғыстан қажыған Газа тұрғындарына көмекке келу үшін шұғыл әрі бар күшін салуға шақырамын. Гуманитарлық көмек мұқтаж жандарға жетуі және оған ешкім кедергі келтірмеуі қажет”, - деді ол.
Комментарии