Ақтау маңында болған көлік апатынан екі бала қаза тауып, біреуі жансақтау бөлімінде жатыр

1696
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/06/img_4322.jpeg
Ақтау іргесіндегі Ақшұқыр ауылы маңында болған жол көлік оқиғасы салдарынан екі бала қаза тауып, біреуі жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы "Лада"-ға сілтеп. «Оқиға кезінде көлікте төрт мектеп оқушысы болған. Апат салдарынан 2008 және 2009 жылы туған екі кәмелетке толмаған бала қаза тапты», - делінген сенбі күні таратқан хабарламада. Белгілі болғандай, аман қалғандар медициналық көмекке мұқтаж. «Бір жәбірленушінің жағдайы ауыр реанимацияда жатыр, екіншісі ауруханаға жатқызуды қажет етпеді және үйіне жіберілді», - делінген хабарламада.
Комментарии