Интернет-алаяқтықтың тағы бір түрі. Бас прокуратура мәлімдеме жасады

1507
Adyrna.kz Telegram

ҚР Бас прокуратурасы елімізде интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын, уақыт өткен сайын алданып қалған адамдардың саны артып келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Алаяқтар жәбірленушілерге құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде бейне-қоңырау арқылы хабарласып, белгісіз тұлғалар жәбірленушінің атынан несие алуға әрекеттеніп жатқаны туралы жалған ақпарат береді. Осы „несиені“ жою үшін дереу жаңа несие алуға банк бөлімшесіне баруды ұсынады. Банктен алған несие ақшасын жаңа „қауіпсіз“ шотқа аударуды өтінеді. Бұл — алаяқтардың шоты», — дейді Бас прокуратура таратқан ресми хабарламада.

Бас прокуратура құқық қорғау органдары қызметкерлері видео-қоңыраумен ешқашан хабарласпайтынын, мұндай форматта жұмыс істемейтінін ескертеді.

Бөтен адамға, тіпті құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне де банк мәліметтерін бермеу керек екенін, күмәнді жағдайлар туындағанда 115 нөміріне қоңырау шалу керегін қоса айтты.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер