Қазақстанды айналып өтетін темір жол желісі қуатталды

1129
Adyrna.kz Telegram
ҚР Министрлер кабинетінің баспасөз қызметі
ҚР Министрлер кабинетінің баспасөз қызметі

6 маусымда Қытай, Қырғызстан мен Өзбекстан үкіметтерінің арасында «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» темір жолын салу жобасы бойынша келісімге ресми қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бейжің қаласында ұйымдастырылған кездесуге Қырғыз Республикасы Көлік және коммуникация министрі Тілек Текебаев, Қытай Халық Республикасының мемлекеттік даму және реформалар комитетінің төрағасы Чжэн Шаньцзе және Өзбекстан Республикасының Көлік министрі Ильхом Махкамов қатысып, тиісті құжатқа қол қойды.

Үшжақты келісімге сәйкес теміржол Қашғар – Торугарт – Макмал – Жалалабад – Әндіжан бағыты бойынша өтеді.

Еске салайық, Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолының құрылысына дайындық 2022 жылы басталған еді.

Пікірлер