Қазақстанда зейнетақы мөлшері өседі

1707
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/k-azak-standag-y-en-zhog-ary-zeynetak-y-molsheri-belgili-boldy_1696661430-960x500.jpg?token=0b10d37a77af2ca265ded3caa1ff5702
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елімізде базалық зейнетақы мөлшерін ұлғайтуды жоспарлап отырғандарын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2027 жылға дейін ең төменгі базалық зейнетақының мөлшерін 54-тен ұлғайту жоспарлануда. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ең жоғарысы - 100-ден 120 пайызға дейін өседі.
“2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 65 %-ын немесе 28 215 теңгені, ал ең жоғарғысы - ең төменгі күнкөріс деңгейінің 105 %-ын немесе 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 45 578 теңгені құрады. Ең жоғары табыс 46-дан 55 АЕК-ке дейін ұлғайтылды (2024 жылы 203 060 теңге) Ұсынылып отырған шаралар зейнетақыдағы мемлекеттік төлемдердің үлесін ұлғайтуға және оның мөлшерін 2025 жылға қарай орта есеппен 27 %-ға арттыруға мүмкіндік береді”, – деп хабарлады ведомстводан.
Комментарии