Үш қызды зорлаған. Түркістанда педофил 25 жылға сотталды

1658
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/photo-output-17-960x500.jpeg?token=345099cea2d8f43729339ff96365f3e1
Түркістанда үш қызды зорлаған педофил 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сот оған қатысты химиялық кастрациялау шарасын тағайындады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы OTYRAR-ға сілтеме жасап. Жаға ұстатарлық жайт осыдан екі жыл бұрын Отырар ауданы Арыс ауылында болған. Сотталушы ағасының жасөспірім қызымен бірге ойнауға келген құрбыларына қатысты бірнеше рет жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық және зорлау әрекеттерін жасаған. Оқиғаның қалай болғанын жеткіншектердің өздері айтып берген. «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігімен, 121-бабы 4-бөлігімін кінәлі деп танылып, оған түпкілікті педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу жазасы тағайындалған», – дейді Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.
Комментарии