Оралда 12 жастағы қызды жабылып зорлаған кәмелетке толмағандарға қатысты сот үкім шығарды

978
Adyrna.kz Telegram
фото: Ratel.kz
фото: Ratel.kz

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2024 жылы 5 маусымда көлік ұрлау және 12 жастағы қызды топтық зорлау айыбы бойынша бес адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Сот 2023 жылдың 23 мамырында сотталушылардың бірі "Лада" автокөлігін заңсыз иемденгенін анықтады. Бір аптадан кейін ол Hyundai автокөлігін есігін бұзып, көліктің ішіндегі ақшаны ұрлап, иесіне 1 миллион теңгеден астам шығын келтірген. 10 маусым күні тағы екі айыпталушы Фольксваген көлігіне кіріп, көлік ішінен ұялы телефоны ұрлап кеткен. Келесі күні айыпталушы топ кәмелетке толмаған қызды зорлаған.

Соттың мәліметінше, сотқа тартылғандардың төртеуі - кәмелетке толмағандар.

«Сотталушылардың кінәсі сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берген айғақтарымен, жәбірленушілер мен куәлардың айғақтарымен, оқиға болған жерді қарау, беттестіру хаттамалары, тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде кәмелетке толмағандардан жауап алу хаттамаларымен дәлелденді», – деді сот.

Сотталушылар өз кінәларын мойындамады.

Сот басты айыпталушыны 20 жылға бас бостандығынан айырды. Тағы екеуі 7, 6 жыл жаза алды. Тағы екеуі 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұған дейін Оралда 16-17 жас аралығындағы төрт жасөспірім мен 20 жастағы жігітке қатысты сот процесі өтіп жатқаны хабарланған болатын. Олар 12 жастағы қызды зорлады деген айыппен, бір жылға жуық уақыт бұрын ұсталған.

Прокурор күдіктілердің кінәсі дәлелденгенін айтты.

Алайда жәбірленуші деп танылған 12 жастағы қыздың анасы сотталушыларды ақтауды сұрады. Ол қызының өтірік айтқанын, зорланбағанын айтады.

Пікірлер