Тұтынушыларға бағдарланған сервистік аппаратты қалыптастырудамыз

557
Adyrna.kz Telegram

Батыс Қазақстан облысында өңірлік кадрлық резервке іріктеу қалай өтуде және жалпы жастарды қолдау бойынша қандай шаралар қабылдануда?

Жастарды қолдау және дарынды мамандарды мемлекеттік қызмет саласына тарту мақсатында Президенттің бастамасымен «әлеуметтік лифт» ретінде Президенттік жастар кадр резерві мен өңірлік кадрлық резерві жүзеге асырылуда.

Осы жылдың 1 наурызынан бастап барлық өңірлерде өңірлік кадрлық резервтерге іріктеу өткізілуде.

Жобаның негізгі мақсаты – жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту.

Қазіргі кезде, үміткерлер құзыреттерді анықтауға әрі бағалауға бағытталған жаттығуларды өтті, жақын арада комиссияда таңдаған салалық бағыттар бойынша жобаларын қорғайды.

Өңірлік кадр комиссиясы резервке екі жылдық мерзімге кандидаттарды қабылдау туралы шешім қабылдайтын болады.

Соған қоса, мемлекеттік қызметке кіруде артық кедергілерді жою және мемлекеттік қызметтен шығу тәртібін жеңілдету бойынша тиісті өзгерістер қабылданды.

Мемлекеттік грантпен оқу орындарын жоғарғы көрсеткішпен аяқтаған түлектерде аудан мен ауылдық жерлерде төменгі лауазымдарға тікелей тағайындалуға мүмкіндіктері бар.

Бұл тетік білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыруға, өңірлерде кадр тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, өңірімізде 20 түлек қызмет атқаруда.

Департамент мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауына бақылау жүргізу бойынша қандай жұмыс жүргізілуде?

Департамент мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы және қызметтік әдептің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады және басымдылық заңнама бұзушылықтарының профилактикасына беріледі.

Осылайша, мемлекеттік қызметшілерге заңнама талаптарын түсіндіру, қызметтік әдепті нығайту бағытында 135 іс-шара өткізілді.

Десек те, әлі де бұзушылықтар орын алуда.

Мысалы, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуына, жұмыс уақыты режиміне, олардың бағалауына және бонустар төлеуіне, тәртіптік жауаптылыққа тарту тәжірибесіне мониторинг жүргізіледі.

Нәтижесінде 11 қызметшіге заңнама талаптары сақталмай қолданылған тәртіптік жазалардың күштері жойылды.

Осыған қоса, 79 мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орнында үстеме жұмысқа тарту туралы бұйрық рәсімделмей болғаны анықталды, оларға қосымша демалыс уақыты берілді.

Сондай-ақ, 42 қызметшіге іссапар шығындарын уақытылы төленбеген 2,6 млн. теңге көлемінде төлемдер жүргізілді.

Департаменттің ұсынымымен 24 мемлекеттік қызметшіге тиісті бағалау өткізілді, негізсіз төленбеген бонустарды төлеу шаралары қабылдануда.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылау бағытында қандай жұмыстар атқарылуда?

Департамент өз қызметінде халыққа сапалы мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қамтамасыз етуде, қызмет алушылардың құқықтарын қорғауға ерекше назар аударылады.

Ағымдағы жылы Департаментпен 9 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.

Мысалы, Департаментпен қызмет алушы А. шағымы негізінде жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша қызмет алушыға мемлекеттік қызмет толық көрсетіліп, жердің нысаналы мақсаты өзгертілді.

Азаматтарда қызметтерді алу кезінде қандай да бір мәселелер туындаған жағдайда Департаментке шағымдана алады, заңбұзушылықтар анықталған жағдайда дереу шаралар қабылданатын болады.

Байсалов Мұрат Сейлбекұлы,

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы

Пікірлер