Президент Астанадағы ту көтеру рәсіміне қатысты

707
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Президент Астана қаласындағы Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған жұртшылықты Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, биікті бағындрған азаматтарымызды мақтан етеніні айтты.

"Осы мерекеге орай біз жаңа ғана еліміздің бас байрағын көтердік. Көк туымыз әрдайым биікте желбірей берсін! Туымызды тік ұстау – әр азаматтың перзенттік парызы. Аспан түстес көк байрағымыз – біздің мақтанышымыз. Спортшыларымыз туымызды талай рет жеңіс тұғырына көтерді. Жақында қазақтың қайсар қыздары Эверестке шықты. Туымыз әлемнің ең биік шыңында тағы да желбіреді. Алда Олимпиада ойындары келе жатыр. Намысты өрендеріміз Париж төрінде туымызды тік ұстайды деп сенемін", – деді Президент.

Мемлекет басшысы байрақты тәуелсіздіктің тұмары әрі ынтымақтастың бастауы деп атады.

"Батыр бабаларымыз ел тағдыры сынға түскен сәтте бір тудың түбінен табылған. Бірлігін бекем ұстаған, елі мен жерін қорғаған. Байтақ даланы көзінің қарашығындай сақтап, ұрпағына мирас еткен. Сол аманатқа адал болу – ұрпақтың ұлы мұраты", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікірлер