Оралда 700 шаршы метр сауда үйі өртенді

1502
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/06/9e275b3b-7874-4574-a1b5-8beb1304afd9.jpeg
Бүгін Оралда 700 шаршы метр сауда үй-жайлары мен ғимараттың шатыры жанды, өрт толығымен сөндірілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. «Жалпы ауданы 700 ш.м. сауда үй-жайлары мен ғимараттың шатыры жанды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - делінген ақпаратта. Өңірдегі ТЖД жеке құрамынан 57 адам және 26 бірлік техника жұмылдырылды.
Комментарии