Пышақпен шабуылдаған. Астанада тағы да жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды

725
Adyrna.kz Telegram
qazaqstan.tv
qazaqstan.tv

1 маусым күні түнде Астанада жігіт жедел жәрдем қызметкеріне шабуылдаған.  Ақпаратты Астана полициясының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпаратқа сәйкес, мас жігіт агрессивті  болып, келген жедел жәрдем қызметкерлерін балағаттаған. Одан кейін ол фельдшерлердің біріне шабуыл жасап, оны пышақпен қорқытып, өзімен бірге бір бөлмеге қамап тастаған.

Медицина қызметкерлері 102-ге хабарласты.

Полиция жасағы ер адамды ұстап, Алматы аудандық ішкі істер бөліміне жеткізді. Пышақты тәртіп сақшылары тәркіледі.

Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, 25 жастағы қаскөй мас болған.

"Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп түсіндірді полицейлер.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырауда мас науқас жедел жәрдем қызметкерін соққы жыққанын жазған едік. 

Пікірлер