Су тасқыны: Елдегі ахуал қандай?

1798
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/06/whatsapp-image-2024-06-02-at-13.09.04.jpeg
Су тасқыны кезінде эвакуацияланғандар үйлеріне қайта оралып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Көктемгі апат кезінде республика бойынша бірнеше өңірден адамдар қауіпсіз жерге эвакуацияланған болатын. ТЖМ мәліметінше, 2 маусым күнгі ақпарат бойынша 63 063 адам үйлеріне оралды. Әлі де 5268 тұрғын эвакуациялау пунктерінде қалып отыр. Аумақта жалпы су тасқынының салдарын жою кезінде 28,2 млн-нан астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды. 8,1 млн-нан астам қапшық және 1,5 млн-нан астам тонна инертті материал төселді.
Комментарии