Үндістанда бір тәулікте жаппай өлім дерегі тіркелді

2195
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/06/whatsapp-image-2024-06-02-at-10.48.26.jpeg
Үндістанда бір тәулік ішінде бірнеше адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ВВС-ге сілтеп. Елдің солтүстігі мен шығысындағы аптап ыстықтан бір тәулікте 85-тен аса адам көз жұмды. Қаза тапқандар саны нақтылануда. Басылымның хабарлауынша, ең көп өлім-жітім Одишада тіркелген. Үндістанның шығыс жағалауындағы бұл штатта аптап ыстықтан 46 адам көз жұмып, тағы бірнеше адам ауруханаға жатқызылған. Ал Бихарда 16 адам қаза тапты. Уттар-Прадеште 15 адам қайтыс болса, Джаркханд пен Раджастханда жоғары температурадан 4 адам көз жұмды. Солтүстік Үндістанда және елдің шығысындағы кейбір аймақтарда аптап ыстық жалғасып жатыр.
Комментарии