Павлодарда суға кеткен кеме капитанының денесі 20 күннен кейін табылды

1375
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/f8946cae-af5f-4008-bd2d-5e3e22d3b022-960x500.jpeg?token=cddd4a4637393dadb53899f15bc7322d

Бүгін, 31 мамырда Павлодар облысында суға кеткен кеме капитанының денесі табылды. Құтқарушылар оны өзеннің төменгі ағысынан алып шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті капитанның денесін іздеу жұмыстары 20 күн бойы жүргізілгенін мәлімдеді. Мәйіт Ертіс өзенінің төменгі ағысынан табылды.

Іздеу жұмыстарына жедел құтқару жасағының 10 қызметкері, бір жүзу құралы және екі көлік жұмылдырылды.

Еске салайық, 8 мамырда кеме капитанының суға батып кеткенін жазған едік.

Комментарии