Маңғыстау облысында кішкентай бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.
«Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында 2020 жылы туған бала тұрғын үйдің
екінші қабатынан құлап кетті», - делінген сәрсенбіде тараған хабарламада.
Оның түрлі жарақаттармен жергілікті ауруханаға жеткізілгені хабарланды. Балақай дәрігерлердің бақылауында екені айтылды.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз