"Үйіңізді су басса..." Өнеркәсіп министрі мемлекет өтемақысына риза екенін жеткізді

784
Adyrna.kz Telegram

Өнеркәсіп және құрылыс министрі өз үйінің су басса мемлекет өтемақысына риза болатынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

БАҚ өкілі Қанат Шарлапаевқа "Су тасқыны кезінде сіздің үйіңіз суға кетті дейік. Сізге мемлекет компенсация берді. Сіз оған риза боласыз ба?"деп сұрақ жолдады.

"Егер менің үйім жарамсыз болып қалса, мен мемлекет берген үйге, әрине, риза боламын. Себебі, оны мен қай жерден аламын? Мысалы, басқа елдерге қараңыздар... Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге бизнес және мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіп жатырмыз", - деп жауап берді Шарлапаев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Пікірлер