Франция астанасында Палестинаны қолдау және Израильдің Рафахтағы әрекеттеріне қарсы ірі митинг өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы РИА-ға сілтеп.
Париждің мыңға жуық тұрғыны орталық Әулие Августин алаңына жиналған. Митингке шыққандар Палестина туын ұстап, ел тұрғындарын қолдайтын айтып, ұрандатқан.
27 мамыр күнгі ірі шеруге 10 мыңнан астам адам қатысқан. Түстен кейін полиция жаппай акцияға қатысушыларды тарата бастады.
Басылым мәліметінше, құқық қорғау күштері шерушілерге көзден жас ағызатын газ гранаталарын қолданды.