Жезқазғанда рулінде 5 жасар бала отырған көлік тұрғындарды қағып кетті

1421
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Жезқазғанда рулінде 5 жасар бала отырған көлік тұрғындарды қағып кетті. Оқиға салдарынан бес адам зардап шекті. Бұл туралы әлеуметтік желіде видео пайда болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Кадрларға қарағанда, оқиға қаладағы ойын-сауық орындарының бірінің алдында болған. Көлік мейрамхананың алдындағы алаңда сәл еңіске қойылған. Кадрларда оның артқа қарай аунап, мейрамханадан шығып кеткен адамдар тобына соғылғанын көруге болады.

Оқиғадан бірнеше секундтан кейін көліктен жүгіріп шыққан бала да кадрға түсіп қалған.

Бейнежазбаға қарағанда, бала көлікті басқарып отырған. Бірнеше секундтан кейін көліктен бір әйел түсіп, алдымен зардап шеккендерді айналып, содан кейін көмекке жүгірген ер адамдарға қарай бет алады.

Бейнежазбаға Ұлытау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Ведомство апаттың Жезқазған қаласында болғанын растап, оның егжей-тегжейлерін жеткізді.

«ЖКО фактісі полицияда тіркелді, зардап шеккендер жоқ, нәтижесінде көлікте отырған бес жасар баланың қол тежегішті шешіп алғаны анықталды. Жаяу жүргіншілер түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Ұлытау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шеккендердің жағдайын айтты.

Ведомствоның мәліметінше, ауруханаға түскен төрт адамның біреуі ғана ер адам. Қабырғалары сынған, ішкі ағзалары көгерген. Зардап шеккен үш әйел амбулаторлық емделуге жіберілді, олардың да ішкі ағзалары көгерген.

Пікірлер