Қазақ тілінің тазалығы немесе қайта қолдануға болатын көне сөздер

951
Adyrna.kz Telegram
Фото: inbussines.kz
Фото: inbussines.kz

Қазақ тілі әлемдегі ең бай тілдердің бірі, айта кетерлігі әлемде сан жағынан алдыңғы орында тұратын тілдер қатарына ағылшын, қытай, үнді, испан, орыс, араб, француз , жапон, португал, немец  тілдері жататын болса түркі тілдеріде әртүрлі диалектілерін қоса есептегенде алдыңғы ондыққа кіреді.

     Қазақ халқы 20- ғасырдың басына дейін көшпенді өмір кешіріп келгендіктен тілі жағынан  таза түркі тіліне жатады, араб, парсы тілдерінің элементі мен ықпалы аз болған. Қазақ тілінің шұбарлана бастауы 19- ғасырда қазақ арасына дін тарату қимылынан басталды, қоқанны жіберген қожаларымен Ресей империясының татар молдалары дін арқылы көптеген араб- парыс сөздерін қазақ тіліне енгізіп жіберді. Мысалы қаған немесе хан деудің орынына патша(падиша), черіктің орынына әскер, ябғұның орынына-уәзір, ес сөзіне ақыл, абыздың орынына дәнішпан, шешектің орынына- гүл... кіріп кетті.

      Ал Ресей патшалығы мен кеңестер одағы кезінде қазақ тілі тіптіде шұбарлана түсті, шұбарланып қана қалған жоқ, қолдану аясы тарылып отбасында ғана қолданылатын дегейге түскеннен кейін әр қазақтың қазақшасы жұтады, асса неше мың сөзді қолданып қана қазақша сөйлейтін болды.  Қалалануға ілесе қаладағы тұрмыстық заттардың көбін орысша атайтын болды.  Тәуелсіздіктен кейін де кеңестік жүйенің резонанысы сақталып қалдыда қазақтар қазақша сөйлегендеде орыс сөздерін көп  араластырып сөйлейтін әдетті қалыптастырып алды. Қош дейік, енді айтпағымыз қазақ тілінің тазалығын сақтау жане қолданыстан қалған бірақ қайта қолдануға жарайтын сөздерімізден бірталайын ортаға салмақпыз.

1. Ұлыс. Ұлыс мағынасы мемлекет, мемлекет біздің тілімізге кірме сөз, ежелгі түркілер мемлекетті ұлыс деп атайтын, әлі күнге дейін қазақтар наурызды «ұлыстың ұлы күні»( мемлекеттің ұлы күні) деп атайтыны содан. Сол үшін ұлыс сөзі ұлт сөзінен жоғары тұрады, Қазақстан –ұлыс, ал қазақ, орыс, украйн, өзбек олар ұлт(этнос). Ұлттық кітапхана дегенге қарағанда-ұлыстық кітапхана десек дәл мағынада қолданылған болар еді.

2. Жарғы. Жарғы заң деген мағынаны білдіреді, түбірі жар( немесе яр) , жарғы, жарлық осы түбірден өрбиді. «Тәуке ханның жеті жарғысы» (Тәуке ханның жеті заңы). Заң, закун бізге кірме сөз.

3. Бұдұн немесе ел – халық, Орхон-Енесей бітіктастарында «түрік бұдұным»деген сөздер жиі айтылады. Бұдұн қазіргі халық сөзімен мағыналас, бұдұнмен ел сөздері синоним, ал халық парсы тілінен кірген кірме сөз.

4. Құрылтай –парламент. Құрылтай сөзінің түбірі –құр, құрау, құралу. Құралып, жиналып ірі істерді талқылайтын жиынды құрылтай дейді. Әдеттегі жәй жиналыстар емес мемлекеттің тағдырына саятын ірі істерді ел басшысы қаған рубасылар, абыздар, ақсақалдар мен ақсүйектердің ортақ шешімінен кейін ортақ шешімге келіп шешіп отырған. Ғұн, түрік, моңғол қағанаттарында ел басы қағанда апсолютты өз бетінше іс істейтін, шешім шығаратын ұқық болмаған.

5. Черік-әскер. Көне түрік тілінде черік әскер деген сөз, әскер парсы тілінен ауысқан сөз. Әдетте бір әскер бір черік саналады. Шерік сөзінің түбірі- чер, шеру, шеру тарту дегеннен шыққан.

6. Сүш-армия. «сұч талбиян, пугүк тұтан» көне қият тіліндегі сөз, мағынасы әрмия жіберілсе Пугүк(жер аты)те тұтылады(сталады) дегенді білдіреді. Көне түрік тілінде әскер басыны-сұбашы деп атаған. Махмұт қашқари: Сұшы отұн орұлды(армия отындай орылды).

7. Санғұн-генерал. Көне түрік тілінде үлкен армияні басқаратын , соғыс тәжірибесі бар, жоғары лауазымды адамдарды санғұн дейді. Сан сөзі саң немесе заң, заңғар дегенге келеді, құн яғыни хуун, хұмун(human) адам деген сөз.

8. Сақшы-полицей. Көне түріктер ханның ордасын күзететін, елдің амандығын сақтайтын арнайы әскери адамдарды сақшы дейді, түбірі –сақ, яғыни сақ етуге жауапты адам.

9. Көк-аспан. Аспан яғыни асман парсы тілінен келген ,ал түркілер, қазақтар көк, көк аспан дейді.

10. Үзе-әлем, жоғарғы әлем. Күлтегін бітіктасында: «үзе көктеңірі, асыра язық иер»(жоғарыда яғыни көктенде жоғарыда тәңір, астда жазық жер) дейді, Түркия түріктері ұзай деп қабылдаған.

11. Аймақ-облыс. Көне түркілер мен моңғолдар, ұлысты әкімшілік жақтан аймақтарға бөлген, мысалы Жетісу аймағы, Тарбағатай аймағы, Түркістан аймағы , бұл қазіргі обылыс сөзінің тура баламасы.

12. Талұй-мұхит.  Білге қаған бітіктасында: «Талұйға кішік тегмідім»- мұхитқа сәл жетпедім деген сөз бар, түркілер мен моңғолдарда талұй, далай(тыба, алтай, хакастарда) деп қолданылады.

13. Білге-ғалым. Білге- білік+ іге(ие) деген екі сөзден құралған, білім иесі, білгіш дегенді білдіреді, араб тілінен енген әлім(ғалым) сөзінің баламасы.

14. Анда-дос. Дос яғыни дост парсы тілінен кірген сөз. Түркі, моңғолдар анда дейді, яғыни бір-бірімен анттасқан, бір-бірін тастамайтын кісілер дегенге келеді.

15. Ұрағұт-әйел. Әйел араб тілінен кірген сөз, түрік бітіктастарымен «Түркі тілдер сөздігі» -інде ұрағұт делінеді, түбірі ұрық, ұрпақ, ұрпақ жалғастыратын адамдар дегенді білдіреді.

16. Кісі-адам. «...Екін ара кісі ұғылы қылынмыш, кісі ұғылынта үзе ечүм Бумын қаған, естеми қаған олұрмыш»-Екеуінің арасында(жермен көктің) кісі баласы жаратылды, кісі баласына арғы әкем Бумын қаған, Естеми қаған отырған екен.

17. Обақ-тайпа. Араб тіліндегі ұмма яғыни халық осы түркінің обақ , омақ деген сөзінен шыққан. Оғұз сөзі–ұуақ(ұбақ, обақ)+ с(көптік жалғау) дегеннен шыққан яғыни рулар, тайпалар дегенді білдіреді. Обақ әдетті рудан жоғары тайпалық одақтарға қаратылады, мысалы Әбілғазы баһадұр хан «Түрік шежіресі»-інде: «Шайбан ханға қарасты төрт омақ ел-ұйғыр, найман, қарлық, құсшы еді» деп келтіреді.

18. Чақ-уақыт. Уақыт сөзі араб-парсы тілдерінен кірген сөз, көне түркілер чақ дейді.

19. Жұлдыз-апта. Түркілер 24 сағат яғыни бір тәулікті бір күн, жеті күнді бір жұлдыз , отыз күнді бір ай деп қарайды. Міржақып Дулатовтың:

«Кім сендерді сағынар шетке кетсең,

Ғылым іздеп тез оралмай көпке кетсең.

Ұмытпа ең кемінде жұлдыз сайын,

Хат жазып тұр төбесі көкке жетсін»- деген әсерлі жырындағы апта сайын дегеннің орынына жұлдыз сайын деп қолданылған.

20. Ем, емші. Дохтыр, шипагер тілімізге кірген сөздер, ал төл тілімізде оны емші дейді.

21. Бітік- хат. Көне түріктер хат сөзінің орынына бітік сөзін қолданған, «Кодекс-куманикус» кітабінда: «біті, біті бітідім»-жазу, жазу жаздым яғни хат жаздым дейді.

22. Кітап-дәптер. Китоп парсы тілінен кірген, түркілер дәптер деген, Шыңғысханның заң-жарғылары жазылған кітапты-Шыңғысханның көк дәптері деп атаған екен.

23. Тегін-нол. Қазірге дейін моңғолдар нолді тек дейді. Біздегі нол бұл орыс тілінен кірген сөз, біздің тіліміздегі  әсілгі атауы- тек. Әдетте ауыз екі тілде тегін үй, тегін тамақ деп көп айтамыз, осындағы тек ол жоқ немесе құрдан-құр деген сөз десекте мүлдем жоқ дегенді білдірмейді. Бір қызығы моңғол тілінде осы нол цифрын тек деп аударады. Ал біздегі айтылуы тегін, сондықтан тегін деген сөзді нолдің орынына қолдансақ дұрыс болады.

24. Түмен- он мың, бұрынғы қазақтар он мың деген сөзді көп қолданбаған. Көне түркіде, кешегі қазақта он мың деген сөз қолданылмаған, оның орынына түмен деп мыңдық, түмендік бойынша халық саны мен әскер санын санаған. Түмен сөзінің мағынасы мыңды он еселе(ту миң он) деген сөзден шыққса керек. Көне түркілер 10 мыңды түмен, 100 мыңды он түмен, миллионды жүз түмен, он миллионды  мың түмен, жүз миллионды құлты деп атаған.

25. Ғұлты- Түріктің Таспар қағаны қытай патшасына: « Дәл біздей құдыретті көшпенді жұрт болған емес , әскеріміз он түмендеп, халқымыз жүз түмендеп, мал санымыз тіпті құлтылап саналады»- деген екен. Сол үшін әр қазақ баласы әр сөзіміздің мағынасын біліп, түсініп жүргеніміз дұрыс. Шеттен кірген нол, миллион, миллиярд, триллионның орнына тек, түмен, құлтымызды қолдансақ қандай жарасым табар еді.

26. Шешек-гүл, көне түркілерде гүлге қарағанда шешек сөзі көп қолданылған. Қазіргі гүл-байшешек дегендегі шешек сол сөз.

27. Мешін-маймыл, маймыл кірме сөз, мешін немесе бечін төл сөзіміз. Түркі-қазаөтың он екі жыл есебіндегі мешін жылы осы маймылдың таза қазақша атауы.

28. Тамұқ-тозақ. Тозақты түркілер тамұқ дейді, тамы –жазалау деген сөз, кіші жүздегі тама руының аты осы тамнан келіп шыққан олар алтын ордадағы жазалаушы әскерлердің ұрпағы.

29. Ұжмақ-жәннәт, жәннәтты ұжмақ немесе ұшпақ дейді, қазақта : «Сүйткен балаң сені ұшпаққа шығарама»- дегендегі ұшпақ осы ұжмақ. Көне түркілерде қайтыс болған адамды ұшып кетті дейді, Білге қаған тасындағы: «Сүйттіде Күлтегін ұша барды», бұнда адамның рухы денесінен ұшып шығып кетті дегенді білдіреді.

30. Тәңір-құдай. Тәңір көшпенді алтай халықтары ұғымындағы ең жоғары жаратушы иенің атауы, оны әдетте көктәңірі деп атайды.

31. Ар-таза. Таза сөзі-тәзе деген парсы тілінен кірген сөз, түрікше ар, қазақтағы «Арым жанымның садағасы»- дегендегі ар ішкі жан дүниенің тазалығын меңзеп тұр, ал әдетте қайтыс болған адамды тазалап жуып жерлеуді арулап көму дейді.

32. Қайыр-мейір. Қайыр сөзі әліде көп қолданыста болғанымен парсыдан кірген мейір сөзіне қарағанда азырақ қолданылатын секілді.

33. Ес-ақыл, ақыл арабтан кірген сөз, біздегі тіке аудармасы –ес, естияр, есуас, есті, есінен кету, ес –ақылы дұрыс, есейді(ес-ақылы толды) бәрі осы ақыл деген мағынада қолданылады.

Біз мысалға келтіріп отырған сөздер көне тілдегі сөздердің аз ғана нұсқалары, қолданыстан шығып қалғандары қаншама! Әрине тілімізге сіңіп кеткен кірме сөздерді мүлдем алып тастайық деуден аулақпыз, бірақ төл сөздеріміздіде құрметтеп мән бере қолдансақ еш артықтығы жоқ.

 Қазіргі таңда осы сөздерден басқада көптеген төл сөздеріміздің орынына орыс, ағылшын тілінен кірген кей сөздер қолданыла бастады, егерде ол сөздерге балама сөздер жоқ болса ғой түсінуге болатын еді, бар бола тұра ол сөздерді тықпалай беру ана тілімізге жасалған қиянат емеспе? Мысалға: наразы болған халықтың көшеге ереуілдеп шығуын ереуіл демей митниг деп, әлемнің бір тұтастануын, глоубализация, бір елден екінші елге ауып барған ауғынды имигрант, сауданы бизнис, дыр-думанды- шоу, тапсырысты-ордер деудің қанша керегі бар? Әрине  демей конечно, бірден демей сразу, кез-келген демей-любой, жалға алып демей синимат... деудің керегі барма? Ол-олма , жоғарыдан орыс тілінде шыққан құжаттарды баспа-бас қазақ тіліне аудара салу, қазақ тілінің орыс тіліне тіке аудара салатын тіл емес, өз ерекшелігі бар тіл екені ескерілмейді. Мысалы домбыра ойна дейді, домбыраны ойнамайды шертеді ғой? Түшкірген адамға сау бол дейді, олда орыс тілінен тіке аударылған, қазақта түшкіргенге-«бер тәңір!»- дейді. Тілек айтқанда ауырмаңыз дегенде орысшадан кірген сөз. Өте өкініштісі 14-15 ғасырлардағы дәуірді суреттейтін филмдердіңде сенариы орыс тілінде жазыладыда оны тағы баспа-бас қазақшаға аударады, құдай-ау 14-15ғасырдағы орысты көрмеген көшпенді ата-бабамыз орыстарша ойлап сөйлемегені анық қой? Бұл масқара жағыдай. Қазіргі таңдағы қазақ тілінің жұтауы жәй қарайтын мәселе емес, қазақ тілі орыс тілінің аударма тілі емес екенін есте сақтау қажет.

Ерзат КӘРІБАЙ

Пікірлер