Алматы облысында туризм маусымы ашылды

1373
Adyrna.kz Telegram

Туризм-дәуірлердің куәсі. Елдің болмыс-бітімі мен дамуының дара жолдары айшықталатын басты бағыты да осы сала. Сол себепті, туризімді қай жердің болмасын күре тамыры деп айтуға болады. Елімізде көркем мекендері көз тартатын әсем мекендер жетерлік. Оның ішінде, Алматы облысының әсем өлкелерін айтпасқа болмас.

Өткен жыл Алматы облысында туризм саласы үшін аса табысты болды. Ішкі туризм 13 пайызға ұлғайып, келушілер саны 1,1 млн. адамға жеткен. Өңірдің туристік әлеуеті жыл өткен сайын жандануда. «E-Qonaq» жүйесінің деректері бойынша 2024 жылдың басынан бастап бүгінгі таңда келушілер саны 52 752 туристі құрады.

Мұндағы мінсіздікті көруге асыққандардың қарасы Алатаудың асыл жауһары саналатын Көлсай және Қайыңды көлдеріне ағылған. Тамылжыған табиғаты құтты қонағын мен мұндалап шақыратын киелі өлке Кеген, туризімде облыстың «жүрегіне» айналғаны бесенеден белгілі.

Теңіз деңгейінен 2800 метрге дейінгі биіктікте орналасқан Көлсай көлдері, мөлдір суы мен қылқан жапрақты орманымен келушілердің жанарын арбайды. Бүгінде бұл маңдағы инфрақұрылым жүйесі мен туристерге қызмет көрсету сапасы әлде қайда артқан. Содан болса керек, 1 жылда 300 мыңға жуық адам Көлсай көлдерін тамашалаған.
Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаевтың айтуынша, Көлсайдан бөлек, туристік орындарда келушілерді қабылдап  жатыр.

«Кегеннің табиғатының өзі сұранысқа ие. Бізден керегі сол сұлулықты көркем түрде көрсету. Біздің ауданда Мың жылқы, Шарқұдық сынды жерлер мен Тұйық, Елтай сарқырамалары бар. Орта Меркі, шет Меркі деп аталатын орындарда туристердің қызығушылығын тудыруда»,-дейді аудан басшысы.

Кегенге келгендердің атбасын бұрмай кетпейтін тағы бір туристік жер-Қайыңды көлі. 1911 жылы пайда болған көлге өткен жылы 100 мың адам келсе, биыл жыл басынан бері 83 мың турист келген.

Қайыңы сызылтып ән салатын аймақта атты жол бар және такси қызметіде жолға қойылған. Алдағы уақытта күре жолы жасалса, туристердің саны екі есе артады деп күтілуде.

Пікірлер