Қазақстан мен Қытай шекарасында бөгет бұзылды. Министрлік жағдайға түсініктеме берді

1830
Adyrna.kz Telegram
Фото: Марқакөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Әсем Болысова
Фото: Марқакөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Әсем Болысова

Қазақстан мен Қытай шекарасында бөгет бұзылды.Бұл ақпаратты Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының әкімдігі растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Марқакөл ауданы әкімдігінің мәліметінше, қазір Боран ауылында жағалауды бекіту жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр

"Су 2 сантиметрдей көтеріліп жатыр. Бірақ бұл тек осы ауыл аумағында. Ол жерде жұмыс әлі жүріп жатыр. Учаскеде 24 сағаттық вахта ұйымдастырылды. Оларда көлік, қайық, барлық қажетті құрал-жабдықтар бар. Аудан әкімі оқиға орнында, аудандық төтенше жағдайлар қызметінің басшысы сол жерде", - деді Марқакөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Әсем Болысова.

Бүгін, 22 мамырдағы Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, Қытай тарапы трансшекаралық өзендер бойынан 1400 м³/с ағын жылдамдығымен су ағызып жатқанын хабарлады.

«Біз Қытайдан келген әріптестермен байланыстамыз. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Қара Ертіс (Ертіс) өзенінде Боран кентіндегі бақылау-өлшеу стансасы аймағындағы су ағыны 1700-1400 м³/с болса, қазір су деңгейі 543 сантиметрді құрап отыр.

Бірақ бұл аймақта су деңгейі көтеріледі деп күтілуде. Шығыс Қазақстан облысы «Қазводхоз» филиалының мамандары күшейтілген режимге көшірілді. Өскемен су қоймасынан (Бұқтырма су қоймасының қарсы реттегіші) су төгу 500-ден 800 м³/с-қа дейін ұлғайтылды. Жағдай министрдің ерекше бақылауында», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

Ертең Нұржан Нұржігітов Шығыс Қазақстан облысына аттанады. Бүгінде облыста вице-министр Алдамжаров жұмыс істейді, деп қосты ведомстводан.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер