Блогер қызды өлтірген жігіт оқиға орнынан селфи түсірген

3114
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-та кәмелетке толмаған Instagram-блогер Бьянка Дэвинс кісі қолынан қаза тапты, - деп хабарлайды New York Post.

Басты күдікті - Брэндон Кларк. Ол қыз баламен екі ай бұрын танысу сайтында танысқан. Полиция мәліметінше, олар музыкалық концертке, сосын Дэвинстің тамағына пышақ ұрып, өлі денесінің суреттерін әлеуметтік желіде жариялаған.  Сондай-ақ, күдікті полиция шақырып, селфи түсірген.  "Бәлкім бұл менің соңғы постым шығар. Олар менің соңымнан келе жатыр. Мен өте жаман іс жасадым. Өте өкінішті", - деп жазды ол суреттің сипаттамасында.

Кларк құқық қорғау органдарының мамандары келген уақытта өз-өзіне қол салмақшы болған. Алайда оны құтқарып үлгерді. Ер адам ауруханаға жеткізілді. Ота жасалғаннан кейін оған кісі өлтіру бойынша айып тағылды.  150 мыңға жуық жазылушысы бар Instagram-блогердің әпкесі Оливия Девинс кейінірек әлеуметтік желіде Кларктың отбасылық дос болғанын және оған сенетін болғанын айтып берді.  Оның неліктен осындайауыр қылмысқа барғаны тексеріліп жатыр. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, екеуі жанжалдасып қалған болуы мүмкін.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер