Нора Джеруто Париж олимпиадасына жолдама алды

1775
Adyrna.kz Telegram
Фото: КР.kz
Фото: КР.kz

Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының мүшесі Нора Джерута Олимпиада нормативін орындады. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі

АҚШ-та өткен  USATF Los Angeles Grand Prix турнирінде қазақстандық спортшы 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден бақ сынады.  Нәтижесінде 9:22.45 уақыт көрсеткішімен қола жүлдегер атанды. Аталған сында Джеруто Канада және АҚШ спортшыларына ғана есе жіберген. 

Осылайша Нора Джеруто Париж олимпиадасына іріктеуден өткен екінші қазақстандық жеңіл атлет  атанды. Бұған дейін марафоншы Жанна Мамажанова Олимпиада нормативін орындады. 

Еске салайық, 2022 жылы Нора Джеруто АҚШ-та өткен әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Бұл жетістік қазақстандық жеңіл атлетика тарихындағы алғашқы жеңіс болып тіркелді.

2023 жылдың сәуірінде қазақстандық спортшы допинг қолданды деген күдікке ілікті. Қазан айында желаяқ толығымен ақталып шықты.

Пікірлер