Алдағы күндердегі ауа райы адам денсаулығына қалай әсер етеді?!

2020
Adyrna.kz Telegram

Синоптиктер 2019 жылдың 18-20 шілдесінде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Оңтүстік-батыс тропосфералық ағындар арқылы (5 км биіктікте) республиканың оңтүстік облыстарына Ираннан ыстық ауа массалары келіп түседі және ағындар өз бағытын батыс немесе солтүстік-батысқа ауыстырмайынша (алдағы үш тәулікте ештеңе өзгермейді), республиканың оңтүстік облыстарында 35-40, кей жерлерде 45°С қатты ыстық сақталады", - делінген хабарламада. "Қатты ыстық адам денсаулығына әсер етіп, қан қысымын түсіріп жіберуі мүмкін. Сондықтан сыртқа көп шықпаңыздар" дейді арнайы мамандар. Синопниктердің мәліметі бойынша, Қазақстанның солтүстік және шығыс облыстарына Оралдан салқын және ылғалды ауа түсе бастауымен кей жерлерде өткенші жаңбыр мен найзағай және ыстық бәсендейді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер