Семейде із-түзсіз жоғалып кеткен балалардың бірінің денесі табылды

1783
Adyrna.kz Telegram
Фото: 31 канал
Фото: 31 канал

Семейде із-түзсіз жоғалып кеткен балалардың бірі – Алтынай Әбішева өлі табылды. Бұл туралы Абай облысы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

15 мамыр күні 18 жасар қыздың денесі «Құрылысшы» профилакториясының маңында судан табылды.

«Туыстарына және жақындарына қайғырып көңіл айтамын», - деді Абай облысы ПД бастығы Бектөре Сұлтан.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Айта кетсек, Семей қаласы тұрғынының 16 және 18 жастағы балалары хабар-ошарсыз кеткені туралы шағымымен жасөспірімдерді іздеуге Семей полиция гарнизоны көтерілген.

Іздеу іс-шаралары Ұлттық ұланның, полицияның, құтқарушылардың, еріктілердің, сондай-ақ белсенді азаматтардың күштері мен құралдарын тарта отырып жүргізілуде.

Кәмелетке толмаған баланы іздеу жалғасуда.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер