Республикалық тасжолда әскери көлік пен жеңіл көлік соғысты

880
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған

Талдықорған маңында әскери жүк көлігі мен жеңіл көлік соғысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жол апатының видеосы желіде тарады.

Республикалық тасжолда болған апат салдарынан бір адам қаза тапқан. Кадрдан патрульдік полиция қызметкерлері мен бірнеше әскери қызметкер жүргенін байқауға болады.

"Оқиға 14 мамырда Алматы-Өскемен тасжолының 270 километрінде КамАЗ жүргізушісі бұрылыста оң жақ шеткі жолақтан маневр жасап, сол бағытта келе жатқан Mazda 626 көлігімен соқтығысқан. Соқтығыс салдарынан Mazda жолаушысы қаза тапты", - деді ведомство өкілдері.

Пікірлер